1 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.30-да №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина салдырады.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі севристік тәсілдер» атты ҚР Ішкі істер министрлігінің брифингі өтеді.

Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

11.00-де Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасы таныстырылады.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға дайындық тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Көрсетілім сілтемелері: YouTube және Facebook.


Соңғы жаңалықтар