1 қараша күні Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 қарашасында Астанадағы «Думан» қонақүйінде құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлай елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп инвесторларға арналған құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті үшінші жәрмеңкесін өткізеді. Әлеуетті инвесторларға құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылатын болады.

Шараның мақсаты - елордадағы проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау.

Жәрмеңкеге нысандардың құрылысын аяқтауға қаржысын салуға дайын әлеуетті инвесторлар қатысушы ретінде шақырылды. Олар үшін нысандармен танысуға арналған мәліметтер дайындалды. Материалдар бойынша қажетті ақпараты бар төлқұжат әзірленді.

Бұдан басқа, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінгі таңда ТҚК-дегі 28 нысан (5мыңнан астам инвестор) қала прокурорының талабы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтайтын кәсіпкерлерге тапсырылды, 12 нысан бойынша (2300-ге жуық инвестор) жұмыстар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен прокуратура органдарымен бірлесіп, проблемалы нысандар бойынша инвестицияларды тарту ісіне қолдау көрсетуде. Солардың ішінде 19 сәуір мен 26 шілдеде өткен жәрмеңкелерде 16 нысан таныстырылған болатын.

Өткен жәрмеңкелердің нәтижесінде құрылысы аяқталмаған 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жөніндегі келісімге қол қойылды («Скай сити» ТК, «Байтау», «Алға самал», «Хазрет», «Пана», «Табысқұрылтай»).

Соңғы жаңалықтар