1 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді.
Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
- Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
- Біз адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен жұмыс істеуге дайынбыз - Көшербаев
- Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
- Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады
-
Президенттің Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
-
Дүниежүзілік банк рейтингі: Қазақстан «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін жақсартты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам