1 сәуірден 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмек алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірден 1 шілдеге дейінгі аралықта медициналық көмекті МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да ала алады.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мәлімдеді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар