+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

1 шілдеден бастап вакцина туралы ақпарат «Ashyq» жобасына енгізілмек

2021 жылғы 11 мамыр 16:28
Бөлісіңіз:
1 шілдеден бастап вакцина туралы ақпарат «Ashyq» жобасына енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әуежайында «Ashyq» ілкі жобасы жүзеге асырыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алгоритм талаптарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ғимаратына жіберу жолаушының мәртебесін анықтау үшін оның арнаулы QR-кодты сканерлеп, кіре берісте әуежай қызметкеріне нәтижені көрсеткен кезде ғана жүзеге асырылады. Жолаушылардың мәртбесі «ПТР-зерттеуінің бірыңғай ықпалдастырылған порталы» және «ҚР ДСМ COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерімен тексеру негізінде беріледі», - делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, «қызыл» статус беріледі. Мұндай статус иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау қажет. «Сары» белгі инфекция жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдарға тағайындалады. Оларға азық-түлік алуға немесе үй жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат бар. Бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған. «Көк» түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін жүреді. «Жасыл» түс – еркін жүре алатын адам. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап қосымша арқылы адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны да көрінеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT