10 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар тізімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 10 қаңтар күні болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтеді.

15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі аудармашы Төрегелді Рахманбердіұлы Тұяқбайдың «Сөзбиі - тетралогия» (мың бір сөзбиі кітабы) кітабының тұсаукесері және «Айттым сәлем» атты поэзиялық-музыкалық кеші өтеді.

15.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту аясында жазған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған шара өтеді.

19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің ХII Гала-концерті өтеді.


АЛМАТЫ

11.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді: «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР заңы таныстырылады.

11.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі» тақырыбында брифинг өтеді.

11.00-де Алматы менеджмент университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік оппозиция туралы заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.

11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында «Эльдар Исмаилов Қазақстанда» кітап альбомының тұсаукесері өтеді. Кітап альбом Дүниежүзілік әзербайжандықтар конгресі Төралқасының мүшесі, Алтын қалам иегері, түркі әлемінің ақсақалы Эльдар Исмаиловқа арналған.



Соңғы жаңалықтар