+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

10 маусым. Туған күн иелері

2021 жылғы 10 маусым 08:13
Бөлісіңіз:
10 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 10 маусым күнгі «Есімдер» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
21 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі 20 маусым. Туған күн иелері 19 маусым. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1950-2015) жазушы, аудармашы, журналист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дидахмет ӘШІМХАНҰЛЫ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің (1972 - 1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975 - 1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған ол кейін республикалық «Қазақстан пионері» (1978 - 1980) «Қазақ әдебиеті» (1980 - 1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман - Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Бірқатар жылдар бойы халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болды. Сондай - ақ, «Ел - шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Алаш» баспасының директоры қызметін атқарды.

Проза жанрында тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде , «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. 1981 жылы «Аққабаның толқыны», 1987 жылы «Он бірінші күз», 1990 жылы «Каменная падь», 1997 жылы «Жер аңсаған Сарыатан», 2000 жылы « Самырсын сазы», 2004 жылы «Әңгіме емес әңгімелер» атты прозалық кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан жолдама алған.

Оның жекелеген бірнеше шығармасы неміс, қытай, моңғол, украин мари, татар, қырғыз тілдеріне аударылған. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болды. Сонымен қатар жазушының өзі А.Курчаткин, А.Аширов, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П.Пурэвсурен, Кришннабам Малл, т.б. көптеген шетел және туысқан халықтар жазушыларының жеке повестері мен әңгімелерін, Е.Шварцтың «Аждаха» пьесасын, ал соңғы жылдары ағылшын жазушысы Дж. Голсуорсидің новеллалар жинағын, Дж. Лонданның роман повестерін қазақ тілінде сөйлетті. Дидахмет Әшімханұлы - қалың оқырман мен әдеби ортада әңгіме жанрының шебері, стилист, талантты журналист ретінде танылған қаламгер.

2015 жылдың 23 мамырында дүниеден озды.

59 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) химия факультетін бітірген.

Еңбек жолы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия және электрохимия кафедрасында зертханашы, зерттеуші-тағылымдамашы (Иваново қаласы, Ресей), аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, ҚР Экономика министрлігі микроэкономика саясаты бас басқармасы мұнайхимия бөлімінің бас маманы (1984-1999); ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім және ғылым департаменті мемлекеттік стандарттар және нормативтік база бөлімінің бас маманы, ЖОО аттестаттау бөлімінің бастығы (1999-2001); С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (2001-2003); Қарағанды қаласындағы Көпбағдарлы гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры (2003-2004); Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің ректоры (2004-2007; Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (2007-2008); ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары (2009-2010); ҚР Премьер-Министр кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімі секторының меңгерушісі (2010-2012); «Астана» университеті ректорының кеңесшісі (2014-2016); Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры міндетін атқарушы (05.2016-12.2016); Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры (2016-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бастап.

«Құрмет» орденімен (2018); «Қрметті ұстаз» (2018), «Шыңғыс Айтматов – 90 жаста», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011); «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» (2020) медальдарымен, А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен(2017); «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» (2019); «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2004); «Ы. Алтынсарин» (2017) төсбелгілерімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1975) «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Бақытбекұлы ЕСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы болып бастаған. «Қазақойл» ЖАҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» РМК-ның ақпараттық технологиялар департаменті жетекшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың наурыз айынан.

2011 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қанат Маратұлы СӘРСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін екі шет тілінде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған, заң ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері, қызметінен бастады. 2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаменті құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсіндірулер жөніндегі даулар бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. 2002 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заң шығару және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы болды. 2005 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2011 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі (2015-2017); Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының басшысы (2017-2019), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2021) қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2021жылдың қаңтар айынан бері.

«Ерен енбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарімен марапатталды.

42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтайыр Амангелдіұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған. Мемлекеттік басқару магистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014). Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде бастаған. 2003-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді. 2011 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті. 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры лауазымына тағайындалды. 2018 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры, кейіннен еркторы болып қызмет етті.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың тамызынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT