10 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты болады. Рәсім ЭКСПО павильондарының бірінде өтеді. Онда 2 көрме аймағы ұйымдастырылады. Жастар жылы аясында жүзеге асырылған «Жобалар аумағы» және Волонтерлер жылының тұсаукесер көрмесі.

10.00-де «Алтын орда» бизнес орталығынжа халал өнім саласындағы сарапшының баспасөз конференциясы өтеді.

11:00-де Мәжілісте шахматтан халықаралық парламенттік турнир өтеді. Парламент өкілдері, оның ішінде Армения, Қырғызстан және Молдова депутаттарымен бір уақыттағы ойынды халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова өткізеді.

11:00-де елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтеді.

12.00-де Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы жәрдемдестік қауымдастығы ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елдестірмек елшіден» атты дипломатиялық фотокөрмесін ашады. Фотокөрме ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

15.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Халықаралық Адам құқығы күнiне арнаған дөңгелек үстелі өтедi.

15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы даланың кемеңгер тұлғасы» атты тарихи-танымдық кездесу өткізеді.

АЛМАТЫ

09.30-да «Forum Almaty» сауда-ойын-сауық орталығында Халық қоры әртүрлі әлеуметтік бағыттағы қайырымдылық қорларының қатысуымен «Қазақстандағы қайырымдылық мәдениетін дамытудың келешегі» атты презентация өткізеді.

15.30-да «Тұран» университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі өтеді. Жиында «Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» тұжырымдамасы талқыланады.

18.30-да Q-lab кеңістігінде «Бірегей ғимараттардың каталогы» бойынша ашық қоғамдық тыңдау өтеді, онда Алматы тұрғындарының алғашқы өтінімдері қаралады.

Соңғы жаңалықтар