11 ақпанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 ақпанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дауренбекқызы, жазушы, жыршы, драматург Әлімжанов Баянғали Тақанұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Ізмұхамедова Сара Салахатдинқызы. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

16.00-де «Zоом» платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасы» қаралмақ.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының жаңа музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтың шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Кеш барысында автограф-сессия өтеді.

АЛМАТЫ

14.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде COVID-19 вакцинациясы мәселелері бойынша онлайн сұхбат өтеді. Спикер – Алматы қаласының №20 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева.

Соңғы жаңалықтар