+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

11 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу

2020 жылғы 10 қаңтар 19:39
Бөлісіңіз:
11 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 қаңтар күні елімізде өтетін маңызды шараларға шолу жасады.

НҰР-СҰЛТАН

11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізеді. Іс-шара елорданың бірнеше аудандарында өтеді.

«Алматы» ауданы аумағында автокөліктердің жануы бойынша өрттердің көбеюіне байланысты ірі тұрақтарды аралау жүргізілетін болады.

«Сарыарқа» ауданы аумағында жеке тұрғын үй секторында «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлерімен, Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп улы газды анықтау қондырғысын орнату бойынша рейд өткізіледі.


АЛМАТЫ

12.00-де Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Ресейдің Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп, Ресейдің Қазақстан Республикасындағы өкілдігі мен Қазақстандағы «Центр Вселенной Кукол» қуыршақ қауымдастығының ұсынуымен жыл сайын өтетін «Время ангелов» авторлық көрмесі болады. Үшінші рет өтетін қайырымдылық аукционында жиналатын қаражат муковисцидоз дертіне шалдыққан балаларға көмекке жұмсалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT