11 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 қазанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-де Rixos President Astana қонақ үйінде Бірінші Республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 09.30-да №59 мектеп-лицейде «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбында VІ халықаралық конференция басталады.

Сағат 10.00-де Сенатта «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының таныстырылымы өтеді.

Сағат 10.00-де Hotel Hilton Astana Expo-да обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақтың (UICC) Президенті, Иордания Ханшайымы Дина Майредпен кездесу өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополия субъектінің маңызды объектісі бойынша комитет төрағасы Асан Дарбаевтың төрағалық етуімен кезекті баспасөз-турын өткізеді.

Сағат 10.00-де «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы республикалық көрме-байқауы басталады.

Сағат 10.00-де «Rixos Hotel Astana» қонақ үйінде Қазақстан-моңғол бизнес форумы өтеді.

Сағат 11.00-де Бас прокуратура ғимаратында «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның бақылауы» атты IV форум өтеді.

Сағат 11.00-де «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюмнің қатысуымен теміржол жолаушылар тасымалын дамыту туралы брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде «Халық коммунистері» парламенттік фракциясы «Педагог мәртебесі: ұсыныстан нақты қадамға» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізеді. Шара барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланады.

Сағат 16.00-де саммиттің аясында ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Үндістан, Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Испания елдерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Нұр-Сұлтан қаласының жетекші медициналық ұйымдары бойынша ақпараттық тур өткізеді.

Сағат 19.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында алғаш рет «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында Дж.Вердидің «Дон Карлос» операсы қойылады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қошанов Аманжол Қошанұлының туғанына 85 жыл және ғылыми-әлеуметтік қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайы «Ұлы дала жүздері: қазіргі кезеңдегі шығармашылық практика және көркемдік білім» халықаралық өнер форумы аясында Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы өнер, мәдениет және спорт институтының (KHF) 50 жылдық мерейтойына арналған «Мерейтойлық палитрасы» көрмесін ашады.

Сағат 11.00-де «Сұңқар» тәлімбағында «Эфес Қазақстан» компаниясының корпоративті әлеуметтік жауапкершілік жобасының аясында бүркіттер табиғатқа ұшырылады.

Сағат 12.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында қаладағы жолдарды орташа жөндеу және салу туралы брифинг өтеді. Спикер: Абжахан Ернұр Сағатханұлы - Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы бастығының орынбасары.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын Мақпал Мысамен «Ұлы дала жырлайды» атты кездесу өтеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында Әли Бақтыгереев АЛАУ шеберханасының көрмесін ашады.

Соңғы жаңалықтар