+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

11 мың жұмыс орнын ашатын 38 жоба іске асырылмақ - ШҚО

2021 жылғы 26 ақпан 13:55
Бөлісіңіз:
11 мың жұмыс орнын ашатын 38 жоба іске асырылмақ - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жыл ішінде экспортқа бағытталған 38 өндірістік нысан ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да дала өртінің 46 пайызы тұрғындардың абайсыздығынан шығады Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады Алматы нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды

Өңірде 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдау картасына 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құратын 38 жоба енгізілді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беруінде айтты.

«2020 жылы 37,5 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылды. Оның ішінде барынша маңыздысы жылына 200 тонна уран өнімділігімен АЭС арналған жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыттың құрылысы болды. Биыл 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді аймақ басшысы.

Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тоннаға дейін кен өндіретін Қызылқайың кен учаскесінде кен байыту комбинатын салу жоспарланған. «Қазмырыш» ЖШС-мен бірлесіп электролиттік тәсілмен мырышты алу бойынша зерттеу желісі құрылды.

«Өңірде шағын және орта бизнеске басты назар аударылуда. 2020 жылы ШОБ-тан бюджетке төлемдер түсімі 119%-ға артып, 14,1 млрд теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс субсидияланған жобалар саны бойынша 3-ші орында тұр. «Ақ ниет» жеңілдетілген несиелендірудің өңірлік бағдарламасы шеңберінде барлығы 7,2 млрд теңгеге 154 жоба қаржыландырылды», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT