+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

11 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 10 наурыз 20:30
Бөлісіңіз:
11 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ коронавирусты анықтайтын веб-сайт жасап жатыр – Әлемдік баспасөзге шолу 14 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу 12 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.

10.00-де заманауи және жоғары сапалы ауылшаруашылық жабдықтар көрмесі ашылады. Онда бірегей технологиялармен жұмыс жасайтын мамандармен танысу ұйымдастырылады.

10.30-да Халықаралық қаржы орталығында «Жұмыс орнындағы әл-ауқат» бағдарламасының таныстырылымына арналған іс-шара өтеді.

11.00-де Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.30 «Дипломат» қонақ үйінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізіледі.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұмар» телевизиялық бәйгесіне қатысушылар тізімі баспасөз конференциясында жарияланады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбектің «Абай ─ сатирик» атты әдеби кеші өтеді.

15.00-де «Нұрсәулет-2» БО-да «Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық ағартуды дамыту мәселесін талқылау. Бүгінгі шындығы және келешегі» атты дөңгелек үстел өтеді.

16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ҚЖ Мемлекеттік кірістер комитеті жұмысының 2019 жылғы қортындысына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де Chaplin MEGA Silk Way кинотеатрда «Батырлар» картинасының тұсаукесері болады.

АЛМАТЫ

11.00-де Almaty Towers көпсалалы кешенінде Қазақстан қор биржасы брифинг өткізеді. Онда Қазақстан қор биржасының 2020 жылдың ақпан айындағы жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Іс-шараның спикері - KASE Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетов атындағы залында «Адам әлемі» философиялық және әлеуметтік гуманитарлық журналының 20 жылдығына арналған «Заманауи ғылыми журнал: проблемалар, міндеттер, перспективалар» атты дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қабылданған шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Адвокаттар алқасының тәуелсіздігі және азаматтардың білікті заңгерлік көмекке құқығы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Балық шаруашылығы, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT