113 қарағандылық отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен жылдан бері облыс орталығында жүзеге асырылып келе жатқан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 113 қарағандылық отбасы 108 миллион теңгеден астам сомаға тұрғын үй сертификаттарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш көмекті отбасы табысы айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі көрсеткішінен төмен азаматтар ала алады. Алынған сома бір миллион теңгеден аспайды – тұрғын үй құнының 10%.

Әдетте, сертификаттар ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға беріледі. Олардың барлығы пәтер алуға кезекте тұруы керек. Бұл шарт міндетті болып табылады, себебі бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгіну қажет.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы құжатты беру ережесін әзірлеген болатын. Оларды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пәтер сатып алу кезінде бастапқы жарна үшін әлеуметтік көмек ретінде ұсынады.


Соңғы жаңалықтар