12 еуропалық футбол клубы Суперлига құратыны туралы жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Он екі еуропалық жетекші футбол клубы Суперлига құратыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы AFP агенттігі ұйымның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Челси» және «Арсенал», испандық «Барселона», «Атлетико» және «Реал», итальяндық «Милан», «Интер» және «Ювентус» жаңа турнирді құрушы мүшелер қатарына кірді.

«Еуропаның он екі жетекші клубы бүгін жаңа Суперлига турнирін құру туралы келісімге келді. Ойындар апта ортасында өтпек, турнирді құрушы клубтар басқарады, - делінген баспасөз хабарламасында. – Тағы үш клуб жақын арада басталатын бірінші маусым алдында құрушылар қатарына кірмек».

Бұған бұрын Еуропа футбол одағы қауымдастығы (УЕФА), Англия, Испания және Италия елдері ұлттық футбол федерациялары басшылығы және осы елдер чемпионаты Суперлиганың құрылуына қарсы шыққан еді. Онда бұл клубтардың ұлттық турнирлер мүшелері қатарынан шығарылатыны және алдағы уақытта УЕФА атынан ойнай алмайтыны жөнінде айтылды.

«Құрушы клубтар жаңа турнир, жалпы футбол болашағын жақсарту үшін УЕФА және Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) бірлескен әріптестікті талқылау мүмкіндігін күтіп отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

«Реал» президенті Флорентино Перес суперлига басшысы болды, вице-президенттер – Андреа Аньелли («Ювентус») және Джоэл Глейзер («Манчестер Юнайтед»).


Соңғы жаңалықтар