12 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 наурыз күні елімізде болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

9.00-де «Марриот» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп «Көші-қон процестерін реттеу және репатриация саясатын жүзеге асыру» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

9.00-де «Нұрсәулет - 2» бизнес орталығында Дүниежүзілік бүйрек күні аясында бүйрек саулығын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізіледі.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.

10.00-де «Астана су Арнасы» МКК-ның конференц-залында Орталық Азия Инвест бағдарламасы аясында Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылатын «Қазақстан мен Өзбекстанның инженерлік компанияларына қызмет көрсететін құрылыс индустриясы қауымдастықтары» жаңа жобасының ашылуы болады.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі өтеді.

11.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы болады.

11.00-де «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының қызмет мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер - «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры Асқар Баталов.

11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының елордалық 5573 әскери бөлімінде өртенген үйден үш газ балонды алып шықққан ұландық жауынгерлерді құрметтеу бойынша шара өтеді.

12.30-да «IBC» БО-да Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымының баспасөз конференциясы өтеді.

14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай Құнанбайұлы шәкірттерінің көсемсөз мұралары» атты дөңгелек үстел өтеді және шағын көрме ұйымдастырылады.

14.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Еңбек адамы – Ел тірегі» атты саяси бастамасының таныстырылымына арналған баспасөз маслихаты өтеді.

15.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің «Агроөнеркәсіп кешені саласында субсидиялау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін сақтау» тақырыбында отырысы өтеді.

16.00-де КазГЮУ университетінде «Қаржы пирамидаларына жол бермеу, алдын алу және қоғамның қаржылық біліктілігін арттыру» атты дөңгелек үстел өтеді.


АЛМАТЫ

09.00-де Ритц-Карлтон Алматы қонақ үйінде «IDC Future of Work Forum 2020» - «Жұмыстың болашағы» халықаралық форумы өтеді.

11.00-де Алматы қаласының Азаматтық орталығының мәжіліс залында №1 Қоғамдық кеңес комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді: Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2019 жылға арналған іс-шаралар және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебін талқылау.

11.30-да Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының камералық залында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

10:30-да Holiday Inn Almaty-да Cbonds «Қазақстан Республикасының қарыз нарығы» атты төртінші дөңгелек үстел өтеді. Қазақстан Республикасының қарыз нарығы» дөңгелек үстелі - бұл банк қоғамдастығының және экономиканың нақты секторының өкілдері үшін бірегей коммуникациялық алаң.

11.00-де Алматы қаласының Азаматтық орталығының мәжіліс залында №1 Қоғамдық кеңес комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2019 жылға арналған іс-шаралар және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебі тыңдалады.

11:00-де Қалалық көліктік бақылау инспекциясында «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауыр жүк тасымалдайтын жүк көліктеріне қозғалысты уақытша шектеу» тақырыбында брифинг өтеді.

14.00-де «Қазақстан баспасөз клубында» Қазақстан Тұтынушылар лигасының баспасөз-конференциясы өтеді, онда 21-ші «Мінсіз» сапа белгісімен марапаттау рәсімі болады.

17.00-де Қазақстан қонақүйінде Кипр аналитикалық тобы мен Сорос-Қазақстан қоры «Денсаулық сақтау саласындағы қазақстандықтардың теңсіздігі: қол жетімділік және сапа» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.


КӨКШЕТАУ

15:00-де Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының мемлекеттік қызметіндегі гендерлік аспектілер мен үстеме жұмыс істеу фактілерінің алдын алу туралы брифинг өтеді.


Соңғы жаңалықтар