12 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде «KASE day in Nur-Sultan» бизнес таңғы ас ішу шарасы өтеді.

Сағат 09.30-да Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық полиция департаменті басшылығының қатысуымен «Пәтер ұрлығымен күрес» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен мектептердің 6-7 және 8–9 сынып оқушылары арасында «Алтын адам - тәуелсіз Қазақстанның символы» атты эссе бойынша республикалық байқауы өтеді.

Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақ күресінен Әлем чемпионаты қарсаңында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры Алмасадам Майданұлы Сатқалиевтің қатысуымен «Екібастұз МАЭС-2 стансасы» АҚ 50 % акциясын сатып алуға қатысты брифинг өтеді.

Сағат 14.00-де Нұр-Сұлтанның орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Жастар жылы» бағдарламасы аясында студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Біз бәріміз балалық шақтанмыз» атты әдеби дебюттік шара өтеді.

Сағат 14.30-да Ақордада Мемлекет басшысының мемлекеттік наградаларын тапсыру және әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде – 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы.

Сағат 15.00-де «Қазмедиа» орталығында «Ресей мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық. Болашаққа көзқарас» атты халықаралық сарапшылық отырыс басталады.

Сағат 15.00-де Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің қаржы нарығы саласындағы ЕЭК мүше-мемлекеттерінің заңнамаларын келісу туралы мәселелер талқыланады.

Сағат 15.30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен оқытушылары әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенді қарсы алады.

Сағат 16.00-де Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі №500 ВАК-тың кезекті отырысы өтеді.

Сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚАЖ департаментінің қызметкерлерінің мерекелік шарасы өтеді.

Сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан» орталық концерт залында мәдениет және спорт саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты табыстау рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Алматы әкімдігінде қазақстандық урбанистикалық форум өтеді. Шара қалалардың теңгерімді және орнықты дамуын қамтамасыз етуге, ауқымды жобаларды іске асыру арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Сағат 10.00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында Тәуелсіздік залы және тарихи фотокөрме ашылады.

Сағат 10.00-де Азаматтық орталықтың мәжіліс залында Ыңғайлы қалалық орта мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің №2 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Алматы халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушылар мерейтойына арналған шара өтеді.

Сағат 10.30-да Қазақстан баспасөз клубында «Желтоқсан. 1986. Куәгерлер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Төтенше жағдайлар департаментінде «Пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз пайдалану» тақырыбында брифинг өтеді. Брифингке Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, полиция департаментінің қызметкерлері, Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің жедел жәрдем қызметі, сонымен қатар пиротехникалық өнімдерді сататын ұйымдардың мамандары қатысады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Алматыдағы Таеквондо федерациясы (WT) қоғамдық бірлестігінің президенті лауазымына сайлау процесіне қатысты баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның баспасөз орталығында «#NotMolchiKZ» қоғамдық қорының өкілдері әнші Жанна Саттарованың туыстарымен және достарымен бірге Владимир Хорошковтың ісі бойынша баспасөзге мәлімдеме жасайды.

Сағат 12.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Қазақстан Республикасының астанасында ағымдағы жылдың беделді бизнес-жанжалдарының біріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстандағы қант диабеті бар балалар мен жасөспірімдердің өмірі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Тұрғындардың қозғалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау, қаланы ұтымды пайдалану және оны жақсарту» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.

Сағат 15.00-де Достық үйінде Т.М. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранттары профессор М.Шаймерденованың жетекшілігімен «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Қызғылт қоқиқаз туралы аңыз» музыкалық және театрландырылған қойылымын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар