13 мамырда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 мамыр күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00-де ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы өтеді.

11.00-де Сауда және интеграция министрлігімен бірге жаңғырықсыз камерасы бар бірегей сынақ орталығы таныстырылады.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-мен бірлесіп, «Үркер» Сыпыра Жырау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан балалар үшін жаңа аула клубын ашады. Клубта хор, эколаборатория, үстел теннисі, аспаздық курсы,тоғызқұмалақүйірмелері жұмыс істейтін болады. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және заң жобасы: мақсаттары мен ерекшеліктері» туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ахметов Рустам Нұрланұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаментінің директоры Искаков Арсен Бейсембайұлы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Стратегиялық талдау департаменті Стратегиялық талдау басқармасының басшысы Ахмет Сұлтан Талғатұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де Елбасы кітапханасының музейінде суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар