14 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
11.00-де Есіл ауданының полиция бөлімінде «Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделі» тақырыбында брифинг өтеді.
11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.
11.30-да Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан ақынның 10 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесіледі.
17.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды.
19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында биыл өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтетін «Astana Musical» мемлекеттік театры көрермендерге жаңа форматтағы театрландырылған қойылымды ұсынады.