14 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбіде еліміздің барлық аумағында ауқымды антициклонның әсерінен күн ашық болады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында таулы және тау бөктерінде тұман түседі, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік – батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар