+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

14 күн карантинде жатқан Алматының бас санитар дәрігері өзіне тағылған айыпты негізсіз деді

2020 жылғы 25 наурыз 12:48
Бөлісіңіз:
14 күн карантинде жатқан Алматының бас санитар дәрігері өзіне тағылған айыпты негізсіз деді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды 23:40-тағы ахуал: Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді Қазақстанда 51-ші адам коронавирустан жазылып шықты

Департамент басшысы Германиядан келген транзиттік рейсте коронавирус жұқпасы табылған адаммен бірге келгендіктен 14 күн карантинде жатқан болатын.

Кейін Алматы қоғамдық кеңесі Айзат Молдақасымова дер кезінде оқшауланбай, жұмыс бабымен көп адаммен араласып, адамдардың денсаулығын қатерге тікті деген айып таққан еді.

Брифинг барысында журналистер осы сауалды қойды.

«Мен өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Мен 14 күн карантиннен шықтым. Осы уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Нәтижесі менде вирус жоқтығын көрсетті. Біріншіден, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік зонада болдым. 10 наурызда Германия 2-ші санатқа жататын. Сол себепті Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болатын. 13 наурызда неге бірден оқшауланбады деген сұрақ болды. Мен өзім түскі 15.00-де инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді білдім. Естіген уақытта бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Барлығы инфекция жоқтығын көрсетті. 14 наурызда мені емдеуші дәрігерім үйге шығарды. Қазір денсаулығым жақсы»,- деді Айзат Молдақасымова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT