14 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 14 шілде күні елордада болатын маңызды шараларға шолуын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде министрлер кабинетінің отырысы басталады. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланады.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Коронавирус инфекциясымен күрестегі өзекті мәселелер» тақырыбында брифинг өтеді.

Оған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысады.


Соңғы жаңалықтар