15:40-тағы жағдай бойынша ахуал: 25 адамнан коронавирус анықталып, 1 адамның өлімі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус анықталған адам саны 525-ке жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 25 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 14, Алматы қ. – 1, Қызылорда облысы – 2, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы –1, Шымкент қ. – 1, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Қарағанды облысы – 1» делінген хабарламада.

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 525 жағдай тіркелген. Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қ. – 216,

Алматы қ. – 110,

Қызылорда облысы – 28,

Қарағанды облысы – 27,

СҚО –25,

Түркістан облысы – 23,

Атырау облысы – 22,

Ақмола облысы – 20,

Шымкент қ. – 13,

Алматы облысы – 10,

Жамбыл облысы – 10,

Ақтөбе облысы – 10,

ШҚО – 4,

БҚО – 2,

Маңғыстау облысы – 3.

Павлодар облысы – 1,

Қостанай облысы – 1.


Соңғы жаңалықтар