15 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 15 қараша күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

127 жыл бұрын (1894-1938) ақын, жазушы, драматург Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы МАЙЛИН дүниеге келген.

Қостанай облысында туған. Арғынбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде оқыған. 1923-1925 жылдары Қостанай губерниялық «Ауыл» газетінде, 1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде, 1928-1932 жылдары республикалық «Ауыл тілі» газетінде әдеби қызметкер, редактор болды. 1932-1937 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғ.Ибрагимов, М.Ғафури сынды ақын-жазушыларымен шығармашылық байланыста болды. Осы оқу орнындағы «Садақ» қолжазба журналында «Мұсылмандық белгісі» атты тұңғыш өлеңі жарық көрді. Оның алғашқы шығармалары - «Қостанай уезі, Дамбар болысы» очеркі, «Мұқтаждық», «Көңіліме» атты өлеңі, «Мал», «Шұғаның белгісі» повесі, «Болған іс» әңгімесі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. «Кедейге», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», «Жазғы жайлауда», «Наурыз түлегі», «Көк сиыр», «Біздің жастар», «Мырқымбай», «Әйт, шу... ала атым», «Қарасор», «Бер, Мырқымбай, қолыңды!», «Әй, Мырқымбай», «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Қанды кек», «Сексен сом», «Күлпаш», «Талақ», «Қара шелек», «Ақталған еңбек», «Сары ала тон», «Шапайдың хаты», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Аштық құрбаны», «Сойқанды содырлар», «Кесінділер», «Алыптарды аралағанда», «Шұғаның белгісі», «Раушан - коммунист», «Азамат Азаматыч», «Қызыл жалау», «Қоңсылар», «Тартыс» атты поэмалар, фельетондар, очерктер, повестер мен романдардың, 25 пьесаның, либретто мен сценарийлердің авторы.

106 жыл бұрын (1915-1973) педагог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Мәлік ҒАБДУЛЛИН дүниеге келген.

Қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданында туған. 14 жасынан бастап жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Институттан кейін 1935-1937 жылдары әскери борышын өтеген. 1937-1938 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары, КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық филиалындағы Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1938-1946 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты болған. 1941-1945 жылдары - Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты гвардиялық дивизиясы құрамында Екінші дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттарға басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда оған қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлік Ғабдуллинге 1943 жылдың 30 қаңтарында Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарған. 1946-1951 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты директорының орынбасары, директоры. 1951-1963 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1947 жылы «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы ғылыми зерттеулер мен қорытындылар жасады. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды. Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері - қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ертегілері мен халық әндері. Қазақ әдебиетінің көптомдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның «Қазақтың батырлық эпостары» зерттеу еңбегі 1972 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарының депутаты. «Менің майдандас достарым», «Алтын Жұлдыз», «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки)», «Будни войны», «Достар, жолдастар жайлы», «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» атты көркем әдеби шығармалардың авторы. Әдеби туындылары И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылған. Мәлік Ғабдуллиннің Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған Институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Ленин орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.


72 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұхамбет Жұманазарұлы КӨПЕЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері (1972); Алматы жоғары партия мектебін саясаттанушы (1985); Абай атындағы мемлекеттік университетін заңгер (1998) мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолы: Жезқазған шахтабұрғылау тресті шахтасының тау-кен шебері, комсомол комитетінің хатшысы (1972-1976); ЛКЖО Никольск қалалық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы (1976-1980); Жезқазған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1980-1983); Жезді аудандық партия комитетінің екінші хатшысы (1985-1986); Қаражал қалалық атқару комитетінің төрағасы (1986-1989); Жезқазған облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі (1989-1990); Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық кеңес және қалалық атқару комитетінің төрағасы (1990-1992); Жәйрем-Атасу еркін экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің төрағасы (1991-1995); Қаражал қаласының әкімшілік басшысы, әкімі (1992-1995); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, I сайланған экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (1996-1999); II сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары (1999-2004); ҚР Төтенше жағдайлар министрі (2004-2005); ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, Парламентаралық Одақтың мүшесі (2005-2011).

Қазңргң қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Парасат» (2000), «Достық» (2003), 3 дәрежелі «Барыс» (2008), 2 дәрежелі Барыс» (2019) ордендерімен; БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалімен (2007); Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1978) марапатталған.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Ақылбек Әбсәтұлы КАМАЛДИНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1990-1992 жылдары - ММУ жанындағы Азия және Африка елдері институтында тағылымдамашы. 1992-1993 жылдары - ҚазМУ-да жапон тілі оқытушысы. 1993-1994 және 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ консулдық басқармасында жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - Жапонияда тілдік тағылымдамадан өтті. 1996-2001 жылдары - ҚР-ның Жапониядағы елшілігінде екінші, бірінші хатшы. 2001-2003 жылдары - ҚР СІМ бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2007-2016 жылдары - ҚР-ның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2016 жылғы наурыздан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдан бері.


50 жыл (1971) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Мұратұлы РАМАЗАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (экономист), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (заңгер) бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары – «Подгорное» АҚ-ның бас экономисі. 1993-1994 жылдары – «Ақмола-Алтын-Алма» ЖШСкоммерциялық директоры. 1997-1998 жылдары – «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ Ақмола филиалының саудадан тыс операциялар бөлімінің бастығы, экономикалық талдау секторының меңгерушісі. 1998 жылдың мамыр-шілде айларында – «Қазақстан темір жолы» РМК «Астана темір жолы» еншілес мемлекеттік кәсіпорныбастығының орынбасары. 1998-2000 жылдары – «Астана» қаржы-экономикалық орталығының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары. 2000-2002 жылдары – «Intertrade GmbH» бас директорының орынбасары (ГФР, Майндағы Франкфурт). 2003-2004 жылдары – «Агрохтитя» ЖШС қаржы диркторы. 2004-2006 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті директоры орынбасары, аппарат басшысы. 2006-2007 жылдары – «KazEnergy» қоғамдық қорының атқарушы директоры. 2007 жылдың сәуір-шілде айларында – «РауанМедиа Групп» АҚҚ ақпараттық-талдама орталығының бас директорының орынбасары – директоры. 2007 жылдың шілде-қыркүйек айларында «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры аппаратының басшысы. 2007-2009 жылдары – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік корпорациясы бас директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары – ҚР сауда-өеркәсіп алатасының вице-президенті. 2011-2013 жылдары – «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономика палатасы басқарма төрағасының орынбасары. 2013-2016 жылдары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы. 2016-2018 жылдары – «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі. 2018 жылы «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ФА ЗТБ төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары – «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ФА бас директоры. 2019-2020 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамыр айынан бастап.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1974) Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нұрлан Аманкелдіұлы ШАБДАРБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

2002 жылы – ҚР ІІМ Академиясы (заң ғылымдарының кандидаты); 2005 жылы – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (бухгалтерлік есеп және аудит, экономист); 2013 жылы – «МИРБИС» Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебі (іскерлік әкімшілік ету шебері). Еңбек жолын ішкі істер органдарынан бастаған. 09.2011 – 02.2012 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі; 02.2012 – 10.2012 – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің басшысы; 10.2012 – 05.2014 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) басшысы; 12.2014 – 03.2015 – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарындағы әскери қызмет; 05.2015 – 03.2017 – «ALUA» Холдинг компаниясы« ЖШС Бас директорының коммерциялық және корпоративтік мәселелер жөніндегі бірінші орынбасары; 03.2017 – 04.2018 – ҚР Қаржымині МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары; 04.2018 – 08.2018 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жедел департаменті басшысының орынбасары; 08.2018 – 06.2019 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы. 2019-2021 жылдары –Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2021 жылғы шілдеден қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Сауытбекұлы ӘБДРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Орталық Еуропа университетінде, халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорында тағылымдамадан өткен. Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясаттану институтында, Шығыстану институтында, Қазақ-Америка университетінде, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде қызмет атқарған. 2010-2018 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2020 жылдары Париждегі ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан тұрақты өкілінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазанынан.

38 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Хамитұлы ӨТЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2006); Карнеги Меллон Университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) (2010) бітірген.

Еңбек жолы: елдегі банк секторының қызметкері (2006-2011); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істейді (2011-2014); ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бейрезиденттерге салық салу басқармасының бастығы (2014-2015); ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі (2015-2016); ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2019); ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазанынан бастап.


Соңғы жаңалықтар