15 қарашада ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде жаңбыр және қар, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және орталық өңірлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар