15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де Елордалық мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн режимде өтеді.

15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде коворкинг-орталықтың тұсаукесері өтеді. Іс-шара ЕҰУ-дің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов. Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook .


Соңғы жаңалықтар