16 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 16 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1954) ақын, жыршы, манасшы, режиссер, сатирик, тележүргізуші Баянғали Тоқанұлы ӘЛІМЖАНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысының Степняк қаласында туған. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1977).

С. Мұқановтың мұражайында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Ш. Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында қызмет істеген. «Паң Нұрмағамбет» киностудиясының директоры және көркемдік жетекшісі. 1984 жылдан бері республикалық, облыстық деңгейде өткен айтыстарда сайысқа түсіп, жеңімпаз және жүлдегер атанған.

«Қиқыматтың хикаялары» (1982), «Ұя» (1985), «Жынды Қаратайдың қасиеті» (2000), «Қиқыматтың қиссасы» (1989), «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Алаш пен Манас» (2004), «Әзіл шуағы» (2004), «Деген екен» (2005) атты кітаптардың, «Құдалық», «Қожанасыр», «Қайран кемпір-шалдар-ай», «Еркегі бар болғыр», «Жолбарыс пен Пони», «Алтын ноқта», «Қазақы сайлау», «Жас қазақ», «Қазаннан келген қызғалдақ» атты пьесалардың авторы. «Жыраулар», «Асылдың сынығы», «Палуан» атты деректі фильмдердің, «Ән мен анаша» атты көркем фильмнің сценарийін жазған.

50 жыл бұрын (1971) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Аманжол Алиханұлы АЛПЫСБАЕВ дүниеге келген.

Торғай облысында туған. Алматы технологиялық институын «инженер-технолог» (2002), Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» (2004) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Арқалық аудандық азық-түлік бөлімі сатушысының көмекшісі (1993-1994); «Қостанай спирт-арақ зауыты» АҚ жабдықтаушысы (1995-1997); «Сағжан» ЖШС Есіл филиалының тазарту цехының операторы,жабдықтаушы шебері (1997-1999); «Әулет» ЖШС спирт қоймасының шебері (1999); ҚР МКМ Алкогол өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы (1999-2002); Қостанай облысы бойынша СК басқармасының бастығы (2002-2005); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы (2005-2006); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде лауазымды қызметтерді атқарған (2006-2008); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010); ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2010-2011); «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2011-2012); «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры (02.2012-03.2012); «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2012-2013); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары (2013-2014); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (07.2014-09.2014); Астана қаласының қалалық ортаны регенерациялау басқармасында қызмет атқарды (2015-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы шілдеде кірісті.

44 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы Бауыржан Бақбергенұлы ДОСМАНБЕТОВ дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша (1999), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша (2001) бітірген.

Еңбек жолы: 2001 жылдан ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеген; ҚР СІМ Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінің және Әзербайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі (2012 – 2015); Әзербайжан Республикасындағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (2015 – 2017); ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары (2017 – 2019). ІІ сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазіргі лауазымына 2019 жылғы мамыр айында тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар