16 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Нұр-Cұлтан

09.30-да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа заңнамалық бастамалар», «Ашық бюджет» аясында бюджет жөніндегі ақпараттың халыққа қолжетімділігі мәселелері» тақырыптарында онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тағы ресми парақшасының тікелей эфирінде өтеді.

10.00-де «Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы цифрландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі» тақырыбына арналған үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағаты палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында: «Нұр-Сұлтан қаласында каратиндік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тағы ресми парақшасының тікелей эфирінде өтеді.

11.00-де «Kun.kz» сайтында «Open Space» онлайн форматында «ЖҚҚ, ПТР диагностикасы және дәрі-дәрмектер нарығында баға белгілеу» тақырыбында пікірталас өтеді.

11.00-де Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінде Zoom – конференция форматында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары бойынша алқа отырысы өтеді. Zoom – конференцияға қатысу үшін сілтеме тіркелегеннен кейін жіберіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету туралы» баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Төсекбаев Қанат Дүйсенбайұлы, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Талғат Сейітжанұлы Нұрғожин.

17.20-да «Мольер, Вольтер және Бомарше, немесе Француз комедиясының негізін салушылар» атты опералық-симфониялық концерттің премьерасы бойынша «Астана Опера» театрының бас дирижері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтеді. Баспасөз жиынынан кейін БАҚ өкілдері концерттің басты дайындығын тамашалауға шақырылады.

АЛМАТЫ

10:00-де ҚР Мемлекеттік хатшысы Алматыға жұмыс сапарымен барады.

10.00-10.05 аралығында Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

10.15-12.30 аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай шара өтеді.

15.00-16.00 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері М.Мырзахметов пен О.Смағұлұлының 90 жылдығына орай іс-шара өтеді.

16.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында атқарылған жұмыстар туралы онлайн брифинг өтеді.

18:30-да Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған концерт өтеді.


Соңғы жаңалықтар