+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

16 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 16 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
16 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 16 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық Озон қабатын қорғаукүні

1987 жылы Озон қабатын бұзатын заттар туралы Монреаль хаттамасына қол қойылды. Сол күннің құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1995 жылдан бастап атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1944 жылы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды. Оған 1997 жылы белгілі қазақ сазгері Ғазиза Жұбанованың есімі берілді.

1976 жылы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы келушілерге есігін ашты. Экспонаттардың басым бөлігін Қазақстанның бейнелеу және қолданба өнер туындылары құрайды. Батыс Еуропа коллекциясында XVI-XIX ғасырларда өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан Италия, Франция, Голландия, Фландрия, Германия, Англия және Аустрия суретшілерінің түпнұсқа шығармалары жиналған.

1992 жылы Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2000 жылы Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады. Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені - Каспий теңізінің маңы, бір деректерде - Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.

2005 жылы Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Измир провинциясының губернаторы Оғыз Қаған Көксал, осы қаладағы құрметті консулдықтардың басшылары, іскер топ өкілдері, қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

2006 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында Наурызбай батырға ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы - Нұрлан Далбай.

2007 жылы Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестікке қосылды. Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды. Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед Әл-Барадэй, атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.

2010 жылы Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х Саммитінде экономикалық және сауда байланыстарын кеңейтуге бағытталған Түркі іскерлік кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Түркі мәдениетін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Бакуде арнайы Қор құрылып, ТҮРІКСОЙ Астананы 2012 жылғы түркі әлемінің астанасы деп жариялады.

2014 жылы Алматыда Х Еуразия кинофестивалі ашылды. Фестиваль қазақ режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналды. Бағдарлама аясында «Жамбыл», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» фильмдері тегін көрсетілді.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның «Эл-юрт Хурмати» («Ел-жұрт құрметі») орденімен марапатталды.

2017 жылы Балқаш қаласы 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл Қарағанды облысы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға.

Бүгінде Балқаш – Қарағанды облысындағы инфрақұрылымы дамыған, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындар желісі, мәдениет, денсаулық, білім беру нысандары бар заманауи өнеркәсіп орталығы. Мұнда шағын жіне орта бизнес нығайып, дамып келеді. Туристік кластер дамуының жаңа қарқынын алуда. Көшелері жақсарып, жаңа үйлер салынуда, әлеуметтік саланың жаңа нысандары бой көтеріп отыр.

2019 жылы Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің таспасы, қазақ кинематографының классигі Ш.Аймановтың жеке заттары мен коллекциялары, түпнұсқа сценарийлер, кинофильм кейіпкерлерінің костюмдері және тағы басқа бағалы архивтік экспонаттар сақталған Ш.Айманов атындағы мұражай ашылды. Мұражайдың ерекше мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың қалпына келтірілген кабинеті.

2019 жылы Маңғыстау облысының Тұщыбек кентінің маңында табылған ұзындығы тоғыз метр ихтиозаврдың қаңқасы препарация жасау аяқталған соң Ақтау қаласының өлкетану мұражайына табысталды. 2019 жылдың 25 мамырында әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев кезекті сапары кезінде бұдан 110-100 миллион жыл бұрын тіршілік еткен ихтиозаврдың қаңқасына ұқсас сүйектерді анықтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT