16 наурызда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 наурыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту және санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тақырыптары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасын өткізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас. Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook

16.00-де ҚР Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту және колледждердің техникалық жабдықталуы» атты кеңейтілген отырысы өтеді.

16.00-де «Жергілікті атқарушы органның ортақ мүлікті күтіп ұстау және сақталуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқару формасын таңдау туралы пәтер, тұрғын емес үй-жай иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдауы өтеді.

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Корея түстері: кеше және бүгін» көрмесінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

12.30-да «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2020 жылғы қызметінің қаржылық нәтижелеріне арналған баспасөз брифингі өтеді. Баспасөз брифингі ZOOM Meetings платформасында онлайн форматта өтеді. Спикер - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Камила Бақытжанқызы Сыздықова.



Соңғы жаңалықтар