16 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту шараларын институцияландыру» әлеуметтік жобасының басталуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Трансляцияны жобаның Youtube -тегі арнасынан, Facebook -тегі парақшасынан және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ парақшасынан көруге болады.

12.00-де елордадағы №1 ауруханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нормашығармашылық саласындағы реформа туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Әділет вице-министрі Пан Наталья Виссарионовна, ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры Сарпеков Рамазан Құмарбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook .

15.00-де Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн конференциясы өтеді. Шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырады.



Соңғы жаңалықтар