17 ақпан күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 17 ақпан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Cағат 10.00 –де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы

Cағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде (Нұр - сұлтан қаласы, Абай көшесі, 33) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры И.Б.Үйсімбаевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау- қызметтердің халыққа қолжетімділігі» тақырыбында брифинг өтеді.

Cағат 16.00 –де «Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға беру тәртібі» деген тақырыптағы онлайн-брифингке шақырамыз. Іс-шара Webex платформасында өтеді. Спикерлер Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева; бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу;

Cағат 16.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ

баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту, постковидті асқынулар». Спикерлер: ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Смағұл Манар Асырқызы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м. ғ. д. Қасенова Сәуле Лайыққызы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Тәуекелова Айнұр Төлепбергенқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Соңғы жаңалықтар