+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

17 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
17 қараша. ҚазАқпарат  күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 17 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы (ЖКО) құрбандарын еске алу күні

2005 жылдың қазан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясына (A/RES/60/5) сәйкес, қарашаның үшінші демалыс күні Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.

Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күнінің мақсаты – жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу және олардың отбасы мүшелеріне көңіл айту, сондай-ақ мемлекет үкіметтеріне және жауапты ұйымдарға барлық азаматтар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі туралы тағы да еске салу.

Халықаралық студенттер күні

Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру үшін Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

Қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күні таңның атысынан кештің батысына дейін дамылсыз жұмыс істеп, бидай мен көкөніс өсіріп, сүт, ет және басқа да тамақ өнімдерін дастарханға ұсынушыларды құттықтайды. Бұл – егістіктер мен шаруа қожалықтары жұмысшыларының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшылары мен мамандарының, ғалымдарының, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің мерекесі.

Әзербайжанның ұлттық қайта жаңару күні

1988 жылы бұл күні Бакудегі Ленин алаңында (қазір Азаттық алаңы) бұрынғы Кеңес Одағы орталық билігінің Таулы Қарабақтағы шиеленіске қатысты саясатына қарсы наразылық білдіріп, Әзербайжанның КСРО құрамынан шығарылуын талап еткен ұрандар айтылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1837 жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

1993 жылы Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы құрылды. Қоғам Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты өзара қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарып, Астана мен Баку қалалары арасында достық байланысты нығайту ісіне үлесін қосып отыр.

2005 жылы Қазақстанның орталық спорт клубының альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Антарктидада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, салтанатты түрде лагерь ашты. «Қазақстан - Антарктида-2005» спорттық-альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Оңтүстік полюстегі осы уақытқа дейін ешкім бағындырмаған бес құзар биіктіктің төбесіне табан тіреді. Сөйтіп, бұл биіктіктерге «Қазақстан шыңы», «Астана шыңы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы», «Әл-Фараби шыңы», «Оңтүстік Олимп биіктігі» деген ат берді. Осылайша, Антрактида картасында жаңадан шыңдар пайда болды.

2010 жылы Алматы қаласындағы К.Кожамжаров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында танымал қазақстандық хореограф, балет шебері, ҚР Халық әртісі Болат Аюхановқа әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы - бұл кәсіби саладағы жетістіктердің бағасы, ең жоғары, халықаралық дәрежеде мойындалғандықтың белгісі. Болат Аюханов – бұл сыйлықтың Қазақстандағы алғашқы лауреаты.

2014 жылы Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының 100 томдық «Балабар сөзінің» таныстырылымы өтті.

2014 жылы Қостанайда зағип ақындар шығарған өлеңдердің алғашқы жинағы жарыққа шықты. «Сезімдер кемпірқосағы» («Радуга чувств») деп аталатын жаңа кітапқа бүкіл облыстағы «ерекше» тоғыз ақынның шығармалары кірді.

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы бекітілді. Стипендияның ай сайынғы көлемі – 20 АЕК.

2016 жылы Қостанай облысының Қостанай мен Таран аудандары мен Рудный қаласының шекарасына өзгеріс енгізілді. Жалпы ауданы 5288 га болатын Қостанай және Таранов аудандарының жер бөлігін облыстық маңызы бар қала Рудный шекарасына қосу арқылы арқылы өзгеріс енгізген болатын.

2017 жылы Голливудтағы Hollywood Music in Media Awards байқауында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән «Moonlight Blade» бейнеойынына үздік саундтрек ретінде жеңіске жетті.

2017 жылы қазақстандық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі атанды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT