+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

17 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 17 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
17 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


79 жыл бұрын (1940-2018) ғалым, тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Молдахметұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1963-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық орталығының жетекшісі қызметтерін атқарады. 1991-2010 жылдары - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры қызметін атқарды. 2011-2016 жылдары «Қазақстан археология қоғамы» ҚБ төрағасы; 2016-2017 жылдары Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының міндетін атқарушы, 2017-2018 жылдары Ә.Марғұлан атындағы Археология институты урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі болды.

Қазақстанның орта ғасырлық тарихын, қала мен дала арасындағы байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. 40-тан аса монография, археологияға байланысты 4 оқу құралы, 4 мектеп оқулығы, 12 альбом және 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып, ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын халықаралық ғылыми комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.


58 жыл бұрын (1961) Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы ТОРҒАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Меркі ауданы Киров атындағы совхозда туған.

Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын Благовещенск ауылындағы Көк-Қайнар агроном болып бастады. Осы салада біраз жылдар қызмет етті.

1998 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары; 2004-2005 жылдары Жамбыл облысының әкімдігінде жер қатынастары басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2005 -2007 жылдары Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары; 2007 жылдың қаңтарында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2009 жылдың тамызында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі , 2015 жылдың ақпанында, Бостандық ауданы әкімі болды. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап.

2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлы медалімен марапатталған.


57 жыл бұрын (1962) Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Еркінұлы ЖАЗЫЛБЕК дүниеге келді.

1984 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы, ал 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы бастаған ол әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметте де мол тәжірибеге ие. Алматыдағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде бөлім басшысы, «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығында департамент директоры, Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қараша айынан бастап.


43 жыл бұрын (1976) Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архив директоры Мейрам Еркенұлы БЕКТЕМБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу басқармасының бас маманы болды. 2002-2004 жылдары – «Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары. 2004-2006 жылдары – «Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның құжаттарды қабылдау мен беру және ақпараттық қызмет көрсету бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары. 2006-2007 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары, кадр және іс жүргізу бөлімінің басшысы. 2007-2008 жылдары – «Химиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару ұлттық орталығы» ҚҚ заң бөлімінің басшысы. 2008-2011 жылдары «ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы» РМҚК-ның «Дипломат Строй Сервис» ЖШС директоры. 2011-2012 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары - ҚР ҚМ «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ вице-президенті. 2013-2014 жылдары «Назарбаев Орталығы» ММ директорының орынбасары. 2014 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT