17 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 17 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1956) Атырау облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Ислямұлы ДҮЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Инженер-механик, заңгер-құқықтанушы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың шілдесінен бері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1970) қазақ эстрада және опера әншісі Толқын Тоқтаубайқызы ЗАБИРОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын (2000) бітірген. 1993-1995 жылдары - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 1995 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасында вокал-педагогика практика пәнінің оқытушысы. «Янтарный соловей» (Калининград қаласы, 1996), және «Әлібек Дінішевтің театры» (Алматы қаласы, 1998) атты Халықаралық конкурстардың лауреаты. Сонымен қатар, бірнеше Халықаралық эстрада конкурстарының лауреаты.

47 жыл бұрын (1973) ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Аңсағанұлы ҚИЯСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік медицина университетін санитария, гигиена, эпидемиология (1997), Орталық Азия университетін қаржы және несие (2005) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған (2018).

Еңбек жолы: «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары (1990-1991); Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы (1997-1999); ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары (1999-2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 қыркүйегінен бастап.

31 жыл бұрын (1989) «Тұрғын үй құрылысының кепілдендірілген қоры» АҚ басқарма төрағасы Дулат Алмасұлы ЖАРЛЫҚАПОВ дүниеге келген.

Заңтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2010); акад. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2012); Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін (2014); Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесінің магистрі дәрежесімен (2018) бітірген. Еңбек жолы: «Қазарнайыэкспорт» РМК бас маманы (2012-2013); «МК Технострой сервис» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары (2013-2014); «ПТС-Ком» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары (2015-2016); Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК Бас директоры (2016-2017); «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарушы директоры, «Тұрғын үй құрылысын кепілдеу қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2018). Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.


Соңғы жаңалықтар