18 қаңтарда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары және инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қарастырылмақ. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдау мен «Қазақстан халқына» қорын құру жөніндегі республикалық дөңгелек үстелін өткізеді.

17.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай және омикрон штаммының айналымы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қатысады. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Соңғы жаңалықтар