18 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 18 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


ЕСІМДЕР

49 жыл бұрын (1972) Шығыс аймақтық әскери прокуроры Арман Тілеуберліұлы ШИТЕНОВ дүниеге келген.

Қарағанды ​​облысында туған.

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы: Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі (2000); Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының аға көмекшісі; Орталық өңірдің әскери прокуроры, Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының орынбасары; Павлодар гарнизонының әскери прокуроры (2015-2018).

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың маусымынан бастап.

41 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Наталья Григорьевна ДЕМЕНТЬЕВА дүниеге келді.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. 2002 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2010 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Педагогика және психология магистрі мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2009-2010 жылдары - Абай Мырзахметов атындағы «Арна» Көкшетау колледжінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары; 2010-2016 жылдары - «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары»; 2008-2016 жылдары - «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редактор, тележүргізуші (қоса атқарушы), Ақмола облыстық филиалы; 1.03.2016-15.01.2021 жылдары – «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектеп» КММ директоры.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болып сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған.

40 жыл бұрын (1981) Қостанай қалалық №2 сотының төрағасы Жасұлан Ермекұлы ҚАБЫШ дүниеге келді.

Ақмола облысы Есіл қаласында туған. 2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолы: Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы (2004-2006), ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылау басқармасы №1 бөлімінің бас маманы (09.10.2006-31.10.2006), «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу бөлімінің маманы (2006-2007), Астана қаласы Әділет департаментінің штаттан тыс эксперті (02.2007-07.2007), Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясы (2009-2014), Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, сот төрағасы (2014-2020), Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық сот судьясы (2020-2021).

Қазіргі қызметінде - 2021 жылғы маусымнан бастап.


Соңғы жаңалықтар