+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

18 жасқа толмағандарға неге вакцинация салынбайды – Айжан Есмағамбетова түсіндірді

2021 жылғы 7 сәуір 19:10
Бөлісіңіз:
18 жасқа толмағандарға неге вакцинация салынбайды – Айжан Есмағамбетова түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова 18 жасқа толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцина неге салынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады Ақтөбеде 93 жастағы зейнеткер вакцина салдырды Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды

«Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды. Оларға вакцина қарсы көрсетілім болғандықтан салынбай отырған жоқ. Себебі халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеулер жеткілікті деңгейде жүргізілмеген», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаның балаларға әсеріне қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілетіндігіне үміт артатындығын айтты.

«Келешекте зерттеулер шығып, балалар үшін де вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі айтылуы мүмкін. Міне, сол кезде оларға да вакцина салу мүмкіндігін қарастырамыз. Ал қазіргі уақытта 18 жастан асқан адамдар ғана вакцинациялау тобына жатады», - деді Айжан Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT