18 жастағы қазақстандық футболшы Түркия клубындағы алғашқы кездесуін өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-ойыншысы Микаэль Асқаров Түркияда өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның «Фенербахче» жастар клубында ойнайтын Микаэль 2002 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстан азаматтығы бар. 2011 жылы оның ата-анасы Түркияға көшіп кеткен. Дегенмен, футболшы 2018 жылы Қазақстан жастар құрамасының сапында доп тепті.

Микаэль Асқаровтың алғашқы кездесуі 3:3 есебімен аяқталды. Оның командасы «Карагюмрюк» клубына қарсы шықты. Асқаров матчтың 75-минутында орнын әріптесі Гюрканға босатты.

Айта кетейік, Микаэль Асқаров «Фенербахче» сапында Luiz Gustavo, Sinan Gümüş, Mert Hakan Yandaş, Diego Perotti, Kemal Ademi, Pappis Cisse сияқты атақты футболшылармен бірге ойнады.


Соңғы жаңалықтар