+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

19 қазан күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 19 қазан 00:51
Бөлісіңіз:
19 қазан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Көктайғақ, жел, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с артады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT