19 маусымда Алакөлді ашу жоспарланып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов Алакөл 19 маусымнан бастап ашылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге, ел азаматтары Қазақстаннан тыс сапарлай алмайды, сондықтан 1 маусымнан Достық стансасы бағытында екі пойыздың қозғалысы іске асырылады. Ал 10 маусымнан кейін қалған пойыздардың қозғалысын жандандырамыз. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен уағдаластық бойынша 19 маусымнан Алакөлді ашу жоспарланып отыр. Біз осы жолаушылар пойыздарын іске қосуды жоспарладық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар тарифтер көтерілмейтінін, билеттер бұрынғы тарифпен сатылатынын атап өтті.

«Тарифтер көтерілмейді. Біз динамикалық баға қалыптастыру жүйесін алып тастадық. Өздеріңіз білесіздер, бұрындары жолаушы 45 күн бұрын билет сатып алса, онда басқа баға болатын. Ал пойыз жүруге екі күн қалған кезде алғанда билеттің құны өзгеретін. Әлеуметтік маңызды бағдарлардағы динамикалық баға қалыптастыруды тоқтаттық», - деді Қанат Алмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар