+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

2 мыңнан аса медицина қызметкері «Birgemiz» қорынан 50 000 теңгеден алды

2020 жылғы 10 сәуір 16:38
Бөлісіңіз:
2 мыңнан аса медицина қызметкері «Birgemiz» қорынан 50 000 теңгеден алды

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Коронавируспен күресуге жұмылдырылған 2 мыңнан аса медицина қызметкері Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан 50 000 теңгеден ақшалай төлем алды. Осы мақсатқа демеушілік қаражаттан 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, біржолғы төлемді бүгін елорда мен Алматыдағы 29 медициналық мекемеде жұмыс істейтін 2112 ақхалатты алған.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға және бүгінде коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдады. Елбасы тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қоры да Nur Otan партиясының қолдауының арқасында осы бағыттағы жұмыстардан тыс қалып отырған жоқ. Күні кеше ғана біз 23 қаланың 150 мыңнан астам мұқтаж отбасына 50 теңге көлемінде біржолғы ақшалай көмек берудің бірінші кезеңін бастадық. Сонымен қатар, індет жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екенін білесіздер. Осы қалалардың медицина қызметкерлері қазіргі таңда күні-түні жұмыс істеуде. Олардың отбасыларын көруге, тіпті, тынығуға да мұршалары жоқ. Сондықтан біз оларға қазақстандықтардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, «Birgemiz» қорынан қаржылай көмек беру арқылы қолдау көрсеткіміз келеді», - деді Руслан Сәкеев.

Ал сол кезде дәрігерлер әлеуметтік желілерде өздерінің әсерлерімен бөлісіп жатыр.

«Жан-жақты қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Бұл біздің рухымызды көтеріп, жігерлендіреді! Менің Қазақстаным БІРГЕ барлық қиындықтарды жеңеді деп сенемін!!! Біз біргеміз!!!», - деп жазды елордалық №3 көпбейінді балалар ауруханасының инфекционист-дәрігері Айнур Омарова.

«Қазақстанның барлық медицина қызметкерлері атынан мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел үшін осындай қиын-қыстау кезіңдегі қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!», - деп атап өтті психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі Гүлнар Алтынбекова

«Қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне материалдық, моральдық қолдау көрсетіп отырған халқыма, Елбасына, «Nur Otan» партиясына, «Birgemiz» қоғамдық қорына мың алғыс білдіргім келеді. Біз біргеміз! Бірге болсақ, бәрін жеңеміз!»,- деп жазды №3-ші көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Гүлмира Нұртазина.

Бұған дейін 150 мыңнан астам мұқтаж отбасы да «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден ақшалай көмек алатыны айтылған еді. Алғашында қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Әйтсе де, өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, ал партияның онлайн ресурстарына көмек сұрап хабарласушылар саны екі есеге артты. Сондықтан, Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясының аясында, бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды.

«7,6 миллиард теңге қаражат аймақтық қорлардың есебіне түсті. Ақша сол жақтан көмек алушылардың банктік есеп-шоттарына аударылады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері бар» - деді Руслан Сәкеев.

Сонымен қатар, ол материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карточкаларына немесе ағымдағы есепшоттарына аудару кезінде одан комиссия алынбайтынын айтты. Сондай-ақ, бұл қаражаттың несиелері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да қарастырылған.

Жалпы «Birgemiz» қоғамдық қорының есепшотына 18 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлеуметтік әлсіз топтарына тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойылды. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінген көмек туралы ақпаратты бақылап отыру үшін қор birgemiz2020.kz ресми сайтын ашты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Қаржы, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT