2 желтоқсанда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 желтоқсан күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның бес қаласында күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, дүйсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында нашарлайды.

Ал Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Тараз және Шымкентте ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар