2 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы өтеді. Отырыс www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

19:30-да Qazaqstan орталық концерт залында Astana musical театры ағылшын драматургі Рэй Кунидің «№ 13» комедиясын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар