20 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Ақ жол» партиясының құрылтайы басталады. Құрылтайға мына сілтеме арқылы онлайн қатысуға болады.

10.00-де Бірінші еуразиялық инвент форум өтеді.

10.00-де Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында брифинг өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің онлайн отырысы өтеді.

11.00-де Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Телекоммуникация қызметтері нарығындағы бәсекені дамыту» тақырыбында пікірталас өткізеді.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Рухани жаңғыру: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Ұлттық аударма бюросының жұмысы жайлы онлайн брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде КВИ кезінде асқынудың алдын алу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ДСМ Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының директоры Малик Молдабекұлы Аденов, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Тасболатқызы Ералиева, Нұр-Сұлтан қаласының жұқпалы аурулар дәрігері Татьяна Александровна Цечоева.

Көрсетілім сілтемелері: youtube.com, facebook.com.

19.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалі салтанатты түрде басталады.

19.30-да «Астана Балет» театрында Айнұр Әбілғазинаның «Триумф» хореографиялық миниатюрасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар