20 сәуір күні елордада өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды оқиғалар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

- санитарлық-эпидемиологиялық жағдай;

- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті белгілеу;

- ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін көтеру мәселелері.

Отырыс PrimeMinister.kz сайты арқылы және Үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

Сағат 12.30-да Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев, Республикалық нотариаттық палата төрайымы Әсел Жанәбілова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .

Сағат 16.00-де Zоом платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

- «Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуалды оқытуды дамыту және іске асыру, жұмысқа орналастыру» мәселесі.

Соңғы жаңалықтар