+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

2020 жылдан бастап ЖОО-ға құжат тапсыру қажет болмайды

2019 жылғы 8 қазан 20:12
Бөлісіңіз:
2020 жылдан бастап ЖОО-ға құжат тапсыру қажет болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру саласында 60-тан астам мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Цифрлық Қазақстан: Білім беруде қандай жобалар іске асырылды «Ашық үкімет порталындағы» ақпараттар халыққа пайдалы болуы тиіс- ҮЕҰ eGov-тың жаңартылған мобильді қосымшасы іске қосылады

«Білім беру жүйесінде 67 қызмет электронды түрде қолжетімді. Мәселен, қазіргі уақытта жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру қиын жұмыс болып көрінеді. 2020 жылдан бастап оның қажеті болмайды, себебі жыл соңына дейін барлық ақпарат цифрланады. «Күнделік» жүйесіндегі деректер автоматты түрде ЖОО-ға беріледі, сәйкесінше құжаттарды қайта тапсыру қажет емес. Жалпы, мектептер мен балабақшалардағы оқу процесі автоматтандырылған», - деді Рүстем Биғари бүгін Astana Hub технопаркінде әлеуметтік инновациялар зертханасының ашылуында.

Сонымен бірге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп вице-министрі Абылайхан Оспанов мемлекеттің балаларға қатысты қызметтерді көбірек ұсынып жатқанын жеткізді.

«Өткен жылы SMS-хабарлама арқылы жаңа туған сәбиге ат қойып, туу туралы куәлік алу қызметін іске қостық. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Электронды қызметтердің басым бөлігі балаларға көрсетілуі тиіс», - деді Абылайхан Оспанов.

Айта кетейік, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) балалар мүддесін қорғайтын «Social Innovation» әлеуметтік инновациялар зертханасын ашты. Оның қызметі заманауи технологиялар арқылы балаларды түрлі сын-қатерден қорғайтын жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT