2020 жылғы Хоккейден әлем чемпионатына БАҚ-тарды аккредиттеу басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IIHF Халықаралық хоккей федерациясы жоғары дивизион командалары арасындағы Әлем чемпионатына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Төмендегі сілтеме арқылы қажетті тіркеу формасын толтырып, Әлем чемпионатына аккредиттеуге өтініш жіберуге болады. Аккредиттеу2020 жылдың 31 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Тіркеу үлгісі

https://registration.iihf.hockey/default?type=media&eventid=1059

84-ші рет өткізілейін деп жатқан Әлем чемпионаты 2020 жылдың 8-24 мамыры аралығында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында болады. Әлемнің хоккейден ең басты додасына Еуропадан 13 команда, Солтүстік Африкадан екі және Азиядан жалғыз команда – Қазақстан Республикасы қатысады. Финляндия құрамасы чемпиондық титулды қорғайды.

Қазақстан құрамасы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатының «А» тобының бірінші дивизионында (жалпы 5 матч өткізіп) жеңіске жетіп, беделді Әлем чемпионатына жолдама алды.

Қазақстан құрама командасының ойын кестесі:

1) 09.05.2020 Швейцария - Қазақстан

2) 10.05.2020 Қазақстан - Латвия

3) 12.05.2020 Қазақстан - Норвегия

4) 13.05.2020 АҚШ - Қазақстан

5) 15.05.2020 Қазақстан - Ресей

6) 17.05.2020 Финляндия - Қазақстан

7) 18.05.2020 Италия – Қазақстан

Матчтардың толық кестесін мына жерден көруге болады

2020 жылғы Әлем чемпионатына билеттерді мына сілтеме бойынша ала аласыз: ticketcorner.ch


Соңғы жаңалықтар