2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді

None
None
МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Марафонды ұйымдастырушылар Мюнхенде жарысты өткізу форматына өзгеріс енгізілгендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спорттық шараны 2020 жылы 11 қазанда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар марафонды виртуалды форматқа ауыстырмады, бірақ қатысушылар санын 12 600-ге дейін шектеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ марафонның ара қашықтығы да қысқарды. Жүгірушілер бұрынғыдай 42 км емес, 30 км қашықтықты бағындыруы қажет болады. Аталғандармен қоса ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы ережелер жиынтығы мен гигиена тұжырымдамасын жасады.

«Біздің барлық шешімдеріміз бекіту үшін Мюнхеннің тиісті органдарына жолданды. Біз Мюнхенде жолығып, марафонды «2020 марафонын өзгеше өткіземіз» деген ұранмен ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Мюнхен марафонының директоры Йорг Вениг.

Соңғы жаңалықтар