2020 жылы 1,8 мың отбасы жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныс аударды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Соның ішінде 437,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 319,2 мыңы – тұрақты жұмыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, с убсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 19,3 мың; жастар практикасына – 34,4 мың; қоғамдық жұмыстарға – 156,3 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,8 мың адам құрамында 1,8 мың отбасы жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит берілді, оның ішінде 11,2 мың микрокредит ауыл тұрғындарына берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.


Соңғы жаңалықтар